БАСТЫ БЕТ

Әке арманын ақиқатқа айналдырған балауса қыз

Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрагимов атындағы  халықаралық турнирдің күміс медель иегері. 2021 жылы Дубай қаласында өткен Азия чемпионатының І орын иегері. 2022 жылы Иорданияда өткен Азия ойындарында І орын алып, чемпион атанған. Үш дүркін Қазақстан, екі дүркін Азия чемпионы.Ендігі оның жеңіс қоржынына  Әлем кубогының күміс медалы  қосылды. Жақында ғана халықаралық додадан   жүлдемен оралды. Черногория елінде  бокстан өткен «Әлем кубогында» ІІ орын иеленіп, күміс жүлдегері атанды. Ел абыройын асқақтатқан жас спортшы әлемдік додаға Қазақстан атынан сынға түсті. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 2006-2007; 2008- 2009 жылғы жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы бокстан  республикалық чемпионатта алтын медальды қанжығалап, «Әлем кубогына»  жолдама алған еді. Боз кілемде белдескен ол ел мерейін тағы да үстем етті. Еліміздің  әнұранының  шырқалуы, көк туымыздың биікте желбіреуі ерекше жігер сыйлады,- дейді Аружан қызымыз. 

Мектеп әкімшілігі
0
Ұстаздар
0
Оқушылар
0