Ұстаз жолы өнеге демекші, ұстаз беделі қоғам үшін қашанда биік. Ғаламтану дәуірі – жас ұрпаққа әлемдік ғылым жетістіктеріне сай білім беру қажеттігін туындатып отыр. Бұл қажеттілік мұғалімнің алдында орасан зор міндетті жүктейді. Мұғалім жаңашыл, рухани бай, кәсіби біліктілігі жоғары болмайынша тұлғаны қалыптастыру мәртебесіне қол жеткізе алмайтыны анық. Осындай қиын түйіннің оңтайлы шешілуі істің тиімді ұйымдастырылуында екені даусыз. Бүкіл оқу–тәрбие үрдісін сара жолға салу– мектеп басшысының білім, білігі мен іскерлігіне байланысты. Мектептің міндеті – балаға терең білім мен өнегелі тәрбие беру екенін ескерсек, бұл істе шешуші тұлға – мұғалім. Осындай тұғыры биік тұлғаның бірі–біздің Жыр дүлдүлі атанған №45жалпы орта білім беретін мектебі тарихында барлық саналы өмірін, денсаулығын ұрпақ тәрбиесіне арнап, киелі шаңырақтың дамуына сүбелі үлес қосып, мектеп мақтанышына айналған – Гүлсара Джорабекова.
Гүлсара Файзуллақызы өзіндік биік адамгершілігімен, мұғалімге тән үлкен жүрегімен мектеп тарихында өзіндік үлесін қосуда. Іскер басшы, ұжымның ұйтқысы ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында талай істің көшбасшысы бола білуде. Осындай білімді ұстаз, білікті басшы–Джорабекова Гүлсара Файзуллаевна 1972 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ , білімі – жоғары.Қазақстан Республикасының азаматы. Гульсара Файзуллаевна Ташкент қаласындағы УзГУМЯ жоғарғы оқу орнын ағылшын тілі пәні мамандығы бойынша бітіріп шығып, еңбек жолын 1989 жылы Сарыағаш қаласы «Шәкәрім» мектебінде аға тәлімгерліктен, кейін Сарыағаш қаласы «Сәтбаев» атындағы мектеп гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды. 23.02.2001 жылдан бастап «№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып және 28.11.2007 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Еңбек сүйгіштігімен көзге түскен ұстаз 18.10.2018 жылдан бастап «№45 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс атқаруда.
Осы кезеңде ол өзін кәсіби мамандығын толық меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті зор, іздене жұмыс істеп, мамандарға талап қоя білетін білікті басшы екендігін көрсетіп, ұжым арасында абыройлы бола білді. Оның басшылығымен мектептің оқу–тәрбие жұмыстарында жаңа технологиялық–инновациялық әдістерді кеңінен ендіруді ұйымдастыру нәтижесінде мектеп ұжымы жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерден көрінуде.
Г.Джорабекова оқу–тәрбие ісін толық меңгерген ұжымда моральдық – психологиялық ахуалды қалыптастыруда талапшыл, көпшіл, адамгершілігі мол көп құрметіне лайықты, іскер басшы.
Гүлсара Джорабекова сонымен бірге ауылдың әлеуметтік жағдайының, мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып, ауылдың кез келген қоғамдық жұмыстарының басында жүріп, өзінің іс–тәжірибелерін, ақыл–кеңестерін беріп, қолдан келген көмегін беріп отыр.
Қашанда халық–көреген, халық–сыншы халық берген баға марапаттың ең үлкені, халық құрметі ең бағалы сыйлықтан да қымбат. Кез келген уақытта ата–аналарымен, мұғалімдермен сөйлесе қалсаңыз, Гүлсараның іскерлігін, табандылығын, еңбекқорлығын, адамгершілігін, жаңашылдығын, жүрегі жылы ізгі жан екенін айта жөнеледі.
Іс–тәжірибесі толысқан осындай әріптестің шәкірттерге де, жас мұғалімдерге де берері көп екені хақ.
Әлемнің екінші Аристотелі атанған данышпан ойдың иесі Әл– Фарабидің даналығында «Кемеңгер патшаға тән 12 қасиеттің төртінші қасиетінде «Басшы терең ой иесі және жадына сақтағандардың бәрін айдан–анық етіп айтып бере алатын шебер әрі шешен болуы шарт» деп түйіндесе, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады»,-дейді Жүсіп Баласағұни.
Осы ғибратты сөздер адамдық болмысы, азаматтық тұлғасы өзгеге үлгі боларлықтай еңбексүйгіш Гүлсара Файзуллақызының өмірі кейінгіге үлгі–өнеге болары анық.